RUS
+7 (495) 118-28-37
Филиалы компании
 
Обратный звонок

Өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар



Еш уақытта құрылыс жөндеу жұмыстарының сапасы мен көлемін өз бетіңізше бақылауға тырыспаңыз, 95% жағдайда бұл болжанбаған шығындармен, тозған жүйкемен, текке кеткен бос уақытпен аяқталады. 


ҚҰРЫЛЫС, ЖӨНДЕУ МЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ САРАПТАМАСЫ
   Жұмыстың кез-келген кезеңінде құрылыс сараптамасын орындаймыз.
Құрылыс, жөндеу мен қалпына келтіру бойынша жұмыс кешені мыналарды қамтиды:
- Құрылыс сараптамасының мәселері бойынша консультациялар
- Сметалық құжаттамаларды бағалау
- Жобалық шешімдердің экономикалық және техникалық тиімділігінің сараптамасы
- Жұмыстардың ағымдық сапасын бағалау,  атқарушылық түсірілімдерді орындау, қолданылатын материалдардың сапасын аспаптық бақылау (бүлдірмейтін әдіспен, зертханалық зерттеулер және т.б.)
- Атқару құжаттамасының пакетін тексеру
- Құрастырмалардың бүліну немесе зақымдалу себебін анықтау
- Орындалған жұмыстардың берілген актілерін тексеру
- Бас мердігерге/қосалқы мердігерге талаптарды даярлау, сотқа дейінгі және соттағы талқылауларға қолдау көрсету
- Құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарын арттыру негізділігін қарастыру
- Барлық бағыттар бойынша техникалық қадағалау инженерлерінің Қызметтерін көрсетеміз
- Құрылыс объектілерінің немесе ғимараттың жекелеген құрастырмаларының одан әрі пайдалануға жарамдылығын, сондай-ақ оларды қалпына келтіру немесе күрделі жөндеу қажеттігін зерттейміз.
    Біздің ұйым біліктілігі жоғары сарапшылар жұмысының арқасында, тапсырыс берушіге жүргізілген сараптаманың жоғары сапалы нәтижесіне, жүргізілген зерттеулер талдауы мазмұндалған  ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.
    Біз Сізге Тапсырыс беруші мен құрылысты Орындаушы арасындағы кез-келген келіспеушілікті еңсеруге көмектесеміз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
   Біздің компанияның сарапшылар құрылысқа техникалық қадағалау жүргізеді, Тапсырыс берушіге істің жай-күйі туралы толық және дәл ақпаратты береді.
Мердігерден жобалық шешімдер ҚНжЕ талаптарын, қаржылық тәртіп пен жұмыстардың орындалу мерзімін сақтауына қол жеткізеді;

Барынша толық ақпараттымына жерден ала аласыз.



ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ
   Біздің компания Тапсырысшы міндеттеріне сәйкес кез-келген күрделі ғимараттар мен имараттарға техникалық тексеруді орындайды.
Тексеру туралы толық ақпаратты Сіз мына жерден алатабасыз.

ЖОБАЛЫҚ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
   «ЭКСПЕРТЪ» компаниясында сметалық құжаттаманы әзірлеу әдістемесінің кең ауқымы бар.
Тапсырысшының міндеттеріне сәйкес біз сметаларды ФЕР және ТЕР түрінде, сондай-ақ коммерциялық бағаларды әзірлейміз.
Енді әзірленген сметалар бойынша сараптамалық қорытындыны тексереміз және береміз.



ЖЫЛУ ӨТКІЗУ ҚОНДЫРҒЫСЫ,  ЭНЕРГОАУДИТ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ПАСПОРТ
    Жаңа және пайдаланылатын көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарында жеке үйлер мен коттедждерде, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда, мектептер мен ауруханаларда, сауда орталықтары мен өндіріс корпустарында жылу өткізгіштікке тексеру жүргіземіз.